Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары «Жас ғалым» жобасының жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған конкурсында жеңіске жетті. Олар «ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» мемлекеттік кәсіпорынның 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша сынға түскен.
Жеңімпаз жобалардың жетекшілерін құттықтаймыз! AP22787282 «Советтік Қазақстанда сопылық: Ясауилік және ишандық дәстүр тарихы мысалында» жобасының жетекшісі: философия докторы (PhD) Талғат Жолдасұлын;
АР14872046 «Салынып жатқан объектілердің іргетасын орнату үшін маусымдық мұз топырақтың қату әсерін еріту және алдын алудың энергия үнемдейтін технологиясы» атты жоба
жетекшісі философия докторы (PhD) Монтаева Айнұр Сәрсенбекқызын;
АР2268580 «Урбанизация жағдайындағы жыртқыш құстардың экологиясы (Қызылорда қаласы мысалында)». Жоба жетекшісі: философия докторы (PhD) Сиханова Нұргүл Сағындыққызын құттықтаймыз!
Айта кету керек, қазіргі уақытта ҚР ҒЖБМ ҒК гранттық қаржыландыру шеңберінде 13 жоба, бағдарламалық-нысаналық қаржыландыру негізінде 1 жоба, жергілікті атқарушы органдардың тапсырысы бойынша 2 жоба, ҒЗИ мен кәсіпорынның тапсырысы бойынша 4 шаруашылық, мұнай компаниясымен келісім-шарт бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстары аясында 1 жоба орындалуда.