Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы «Таза бейсенбі» акциясын бастады. Еліміз бойынша тазалықты сақтауға үндеген акцияға сырдариялық аманаттықтар да үлес қосып, Тереңөзек кентіндегі орталық алаң мен «Майжарма» каналының жағасына тазалық жұмыстарын жүргізді.

Тазалық акциясының басталуында партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Е.Жақып «AMANAT» партиясының Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына қолдау білдіріп, бірнеше бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіп келе жатқандығын тілге тиек етті. Ал, аудандық мәслихаттағы фракция мүшесі А.Есназар Тереңөзек ортақ үйіміз екендігін айтып, тазалық акциясына қатысушыларға сәттілік тілеп, «Таза бейсенбі» акциясының мақсаты азаматтарды мәдениет пен қоршағаны ортаны таза ұстауға үндейтіндігін атап өтіп, бұл бағытта «Өңірде қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған ірі жобаларды іске асыру жоспарланғандығын. Дегенмен өңір тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаны таза ұстауды күнделікті өмір салтына айналдыру және ресурстарды үнемді пайдалану мәдениетін дамыту шараларына қоғам болып жұмылу қажеттігін атап өтті.
Айтулы шараға партияластар, «Жастар Рухы» жастар қанатының аудандық бөлімшесінің мүшелері, «Жасыл Ел» жастар жасағының мүшелері атсалысып, «Майжарма» каналының жағалауы қоқыстар мен арамшөптерден тазаланды.
«Таза Бейсенбі» шарасы алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

БӨЛІСУ