Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Усаин Медет партия алаңында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың сауалдарына қатысты заңнамаларға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Қабылдау барысында тұрғындар тарапынан көшелердегі жарық және газдандыру мәселесін реттеу, жарық жүйесі үшін тарифтің қымбаттауы, көпқабатты үйлердегі кәріз жүйесі мен жертөлелердің нашарлығына қатысты мәселелер көтерді.
Көше жарығын реттеу мәселесі бойынша қосымша зерттеу жұмыстары жүргізілетінін және газдандыру жұмыстарына қатысты қазіргі таңда сметалық жобасы әзірленіп, экспертизадан өткеннен кейін қаржыландыру жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.
Коммуналдық төлемдердің қымбаттауы барысында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап заңға өзгерістер енгізіліп, тарифтік төлемдер көтерілгені айтылды.
Көпқабатты үйлердегі кәріз жүйесіне байланысты өзінің қызметтік құзыреті шеңберінде мәселені зерттеуге жұмыс жасайтынын түсіндірді. Одан бөлек, жертөле мәселесі бойынша аталмыш көпқабатты үйлердегі жөндеу жұмыстары 2025 жылдың жоспарына енгенін жеткізді.
Басқарма басшысы барлық тұрғындардың мәселелері толық зерттеліп, тиісті жұмыстар атқарылатынын хабарлады.