Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің техникалық регламенттерді бақылау бөлімінің мамандары мен аумақтық басқармалардың санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау, техникалық регламенттерді бақылау саласының мамандарының қатысуымен ZOOM-режимінде оқыту семинары өтті.

Семинарда тағамға биологиялық белсенді қоспалардың жарнамалануын бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстары, әлеуметтік желілер (сайттар, сілтемелер) және т. б. күнделікті байқау жолымен, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болуы бөлігінде тағамға биологиялық белсенді қоспалардың айналымына бақылау жүргізіліп отыру туралы тақырып қозғалды.

Жыл басынан бері облыс бойынша бақылау субьектісіне (объектісіне) бармай тағамға биологиялық белсенді қоспалардың айналымына профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында 35 жарнама таратушының 113 тағамға биологиялық белсенді қоспалардың түрлері мониторингпен қамтылып, бақылау жүргізу нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 35 ұсынымдар берілді. Оның ішінде 5 жарнама беруші ұсынымды орындап, жарнаманы әлеуметтік желіден жойды. Ал, 26 жарнама таратушылардың парақшаларын бұғаттау бойынша тиісті мемлекеттік органдарға қызметік хаттар жолданды.

БӨЛІСУ