«One Water» Саммитінің арнайы өкілдері Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.
Франция Республикасы Президентінің «One Water» Саммиті бойынша Арнайы Елшісі Барбара Помпили мен делегация құрамы және ҚР Президентінің кеңесшісі-Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі З.Б.Сүлейменова Сыр өңіріне арнайы іс сапармен келді.
Делегацияның облысқа келудегі басты мақсаты өңірлік су бастамаларымен танысу және әлем елдерінің назарындағы Арал теңізінің қазіргі мәселесі.
Іс сапар барысында облыс әкімінің орынбасары А. Зебешев Франция Республикасы елшісі Барбара Помпилимен арнайы кездесіп, облыстың әлеуметтік экономикалық мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында басқарма басшысы С. Сермағамбетов Арал теңізінің ахуалы бүкіл әлімдік проблема екенін атап өтті.Соңғы жылдары Солтүстік Арал теңізінің көлемі күрт азаюына байланыстытеңіз суының тұздылығы 8-ден 13 грамм/литрге артқан. Бұл көрсеткіш 15 г/л-ге жеткен жағдайда балық қорының өсуіне кері әсерін тигізуі мүмкін.Сондықтан теңізді қалыпты деңгейде ұстап тұру үшін жыл сайын 3 млрд.текше метр көлемінде судың түсуі қажет екендігі айтылды.
Сонымен қатар, іс сапар барысында делегация өкілдері Кіші Арал теңізінің жағдайы, Көкарал бөгетін нығайту және сексеуіл көшеттерін егу жұмыстарымен танысу жоспарлануда.