Бүгін партияның облыстық филиалы жанындағы Экологиялық жөніндегі аймақтық кеңес мүшелері бас қосып, онда биотазартқыш станциясына жасалған мониторинг қорытындысын талқылады.
Қызылорда қаласында биологиялық тазарту станциясын жаңғырту және автоматтандыру жоба сметалық құжаттарын әзірлеу құрылыс бөліміне, станция өзі Қызылорда су жүйесі мекемесіне қарайды. Мамандардың айтуынша «Қалалық құрылыс бөлімі» ММ-мен өткен жылы станцияның кұрылыс монтаж жұмыстарына мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып, жеңімпаз мердігер мекеме «Мелиоратор» ЖШС-мен 4,328 млрд.теңгеге келісім шарт жасалған. Соның ішінде 1-этап 2023 жылға 1,312 млрд. тенге, 2-этап 2024 жылга 3,016 млрд. тенгені кұрайды. Қазіргі танда мердігер мекемемен тазарту станциясына демонтаж жұмыстары жүргізіліп аяқталған. Қондырғылар мен құрылғыларға тапсырыс берілген. Жобаның аяқталу мерзімі 2024 жылдың соңғы айы деп күтілуде.
Жиын барысында отырысқа қатысушылар күн тәртібіндегі мәселеге орай тиісті сала өкілдеріне сауалдарын жолдап, биологиялық тазарту станциясын жаңғырту және автоматтандыру жобасына толықтырулар енгізіп түзету туралы ұсыныстарын айтты.
Отырысқа кеңес мүшелерімен бірге эколог мамандар, жауапты департаменттер, басқармалар мен бөлімдер, Қызылорда су жүйесі мекемесі, сондай ақ «Мелиоратор», МұнайГазИнжиниринг» компанияларының өкілдері қатысты.