Бүгін Сырдария ауданында “Отбасындағы ата-ананың рөлі” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Келелі жиында отбасындағы ата-аналардың рөлі, мектептегі білім мен тәрбиенің ұштасуы, жастар мен жасөспірімдер арасындағы проблемалық мәселелер талқыланды.
Дөңгелек үстелде “Қоғамдық келісім” КММ директорының орынбасары Дәулет Омаров адамгершілік негізі – ізгілікте. Ол әрбір отбасынан басталады. Жас шыбық қалай иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да , жаманға да бейім болатыны баршамызға аян. Ата –ананың үйдегі іс-әрекеті балалардың көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы мен жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор екендігін алға тартты. Ал облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Айгүл Мұсабаева баланы өмірге бейімдеуде ата-ана тәрбиесінің артында ұлт тәрбиесі, мемлекет тағдыры жатады. Осы бағытта отбасы тәрбиесімен қатар оқу орындарының, ондағы ұстаздардың ықпалы мен орны қашанда да айрықша. Ата-ана мен әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайдың нәтижесінде ғана тәлім-тәрбиедегі көргенділік пен жарасымдылық, үйлесімділік пен бірізділік орын табатын үрдіс болып шығады. Сайып келгенде, баланың қоғамдық-әлеуметтік дамуы отбасында өз орнын алуынан басталады. Бүгінгі қоғамда да жастар тәрбиесіне деген көзқарас өте ерекше, олардың тағдыры болашақпен, қоғамның дамуымен тығыз байланысты екендігін айтып өтті.
Аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Балшекер Өтегенова жастарға тәрбие беру, отбасы құндылығы, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру бағытында жасалып жатқан игі жұмыстарға тоқталып өтті.
Дөңгелек үстел аясында “Қоғамдық келісім” КММ тарапынан бірқатар ауданның белсенді этнос өкілдері марапатталды.