Маусымның үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің күні. Осы атаулы күні ақ халатты абзал жандарға арнайы құрмет көрсетіліп, еңбектері ерекше еленеді.

Осыған орай бүгін Бұдабай Қабылұлы атындағы мәдениет үйінде медицина қызметкерлеріне арналған “Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған” атты салтанатты шара өтті.

Шара басында дәрігерлер қауымының сырқатқа ота жасау сәтінен бейнекөрініс көрсетіліп, арты сахналық қойылымға ұласты.

Мұнан соң аудан әкімінің орынбасары Болатбек Ысмағұлов сахна төріне көтеріліп, ақ халатты абзал жандарға жүрек жарды жылы лебізін жеткізді. Сондай-ақ, медицина қызметкерлері мерекесіне орай бірқатар сала мамандарын марапаттады. Мерекелік шарада өнерлі медицина саласының қызметкерлері әуелете ән шырқап, қонақтарды өнеріне тәнті етті.

БӨЛІСУ