Көпшілікке белгілі, білім саласындағы жетістіктің нақ дәлелі – пән олимпиадасы. 2023-2024 оқу жылындағы жалпы білім беру пәндері бойынша оқушылар арасындағы ресубликалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне 590 білім беру ұйымынан 1636 оқушы қатысты. Оның ішінде 191 оқушы ауыл мектептерінен додаға түсіп, бақ сынады.
2023-2024 оқу жылында ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың 65 жеңімпазы олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысушылар қатарына қосылды.
Олимпиада қорытындысы бойынша 16 оқушы жүлделі орындарға ие болды, бұл ауыл мектептерінен келген қатысушылардың көрсеткіш сапасының 24 пайызын құрады. Нәтижесінде республикадағы ең үздік 14 ауыл мектебінің тізімі жасалды.
Атап айтсақ, Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінде орналасқан 1836 шәкірт білім алатын №266 мектеп-лицей еліміз бойынша «Үздік ауыл мектебі» атанды.