Сырдария ауданының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында мал сату, сою бекеттерінде және көпшіліктің қатысуымен ұйымдастырылатын құдайы тамақтар кезінде, басқада іс- шаралар өткізу барысында аса қауіпті жұқпалы аурулардың, жаппай тамақтан уланудың және жедел ішек инфекцияларының алдын алу ережелерін сақтау қажеттігін ескере отырып, келесі талаптардың орындалуын қамтамасыз етуді ұсынады:
– құрбандыққа шалынатын малдарды арнайы орындарда сатылуы;
– құрбандыққа шалынатын малдарды сату мен сою ветеринарлық қызмет тарарынан ветеринариялық-санитариялық қорытындысы бар орындарда және әрбір ауыл шаруашылығы жануарларының тиісті ветеринарлық құжаттары ( вет.паспорт, ілеспе құжаттар, құлақ сырғалары) болған жағдайда ғана іске асыру;
– мал сою орындарында санитариялық- эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы;
– мал сою барысында шыққан қалдықтардың уақтылы залалсыздандырылып, шығарылуы;
– қызметкерлердің жеке бас гигиена қағидаларын қатаң сақтауы;
– қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуі және медициналық кітапшаларының болуы;
– тағамды арнайы киімде дайындау және дәретханаға бару алдында арнайы киімді шешу;
– тағам дайындаумен, үлестірумен айналысатын жұмыскерлердің денесінің ашық жерлерінде, қолында іріңді жаралардың, шағын жарақаттардың болуын қарап тексеретін, анықталған жағдайда жұмыстан шеттетуге жауапты адамды бөлу;
– тазалау жұмыстарымен айналысатын жұмысшының тамақ дайындауға және ыдыс-аяқты жууға жібермеу;
– тағамдарды дайындау технологиясын сақтап таза пісіру;
– шикі етке қолданған тақтайша, пышақ, ыдыс аяқты піскен тағамға пайдаланбау;
– үй жағдайында консервіленген өнімдерді қоғамдық тамақтану орнында асқа қолданбау, үй жағдайында пайдаланар алдында 15-20 минут термиялық өңдеуден өткізу;
– тағам өнімдерін тоңазытқышта тауарлық көршілестігін ( шикі азық- түлікпен, піскен тағамды бір сөреге қоюға болмайды) ескеріп, сақтау;
– тағамдардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарының болуы.

БӨЛІСУ