Облыс әкімінің орынбасары Данияр Жаналинов ауданға жұмыс сапарымен келіп, «Жалын» сауықтыру лагеріне барды. Тынығу маусымында балалардың қауіпсіздігіне мән беріп, лагерьдегі ғимараттарды аралап көрді.
Облыс әкімінің орынбасары ең алдымен жазғы маусымда балалардың қауіпсіздігіне мән беру керектігін мәлімдеді. Тынығушыларға қауіпсіздік шараларын түсіндіру керектігін, лагерьде уақыттарын тиімді ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті. Түрлі іс-шаралар өткізуде сақтық шараларын сақтауды және асханада сапалы тағамдармен қамтамасыз етуді ескертті.
Дарияр Еренғалиұлы аудан әкімдігі, аудандық білім, полиция бөлімі, аудандық төтенше жағдайлар және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қызметкерлеріне қауіпсіздік шараларына байланысты бірқатар тапсырмалар берді.
Балалардың жазғы кезеңде бос демалыс уақытын тиімді өткізу, сауықтырылуы мақсатында 1 маусымнан сауықтыру, тынығу лагерлері өз жұмысын бастады.
Биыл мектеп жанынан 290 лагерь жұмыс жасайды. Одан бөлек, қала сыртындағы 8 лагерь 7 ауысымда қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, аймақтан тыс жерде орналасқан лагерлерде
6 ауысымда демалыспен қамтылады. Сонымен қатар балалар “Қазақстан халқына” қоры арқылы демалады.
Мектеп жанындағы жазғы тынығу лагерлерінде киіз үймен этнолагерлер, палаткалы лагерлермен жасақталады.
Жазғы мектеп – балалардың оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың, соның ішінде үлгерімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарын толықтыру мақсатында өткізіледі.
Жазғы мектеп 2024 жылғы 27 мамыр мен 31 мамыр аралығында және ағымдағы жылғы 26-30 тамыз аралығында жұмыс жасайды. Жазғы мектепте сабаққа қатысу өтініштер негізінде ата-аналармен/заңды өкілдермен келісу кезінде бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің негізгі пәндері бойынша 1-8, 10 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады.
Жазғы мектепте оқу білім алушылар үшін тегін өткізіледі. Жазғы мектепті ұйымдастыру үшін қосымша қаржыландыру талап етілмейді.
Облыс бойынша жазғы мектепке 297 мектептен 68 802 бала қатысады. Оның ішінде 1-4 сыныптарда 30 434, 5-8 сыныптарда 32 784, 10-сыныптарда 5 584 бала қамтылады.