Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырып, «Бұл – Үкіметтің алдында тұрған басты міндет» деп атап өткен болатын.

Бүгінгі Үкімет отырысынан кейінгі облыс әкімінің төрағалығымен өткен жиында қалалар мен ауылдарды сумен жабдықтау және денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын жетілдіру аясында жоспарланған жұмыстар талқыланды.

Аудан басшысы Аманжол Оңғарбаев аталған мәселе бойынша жауапты басшыларға бірқатар тапсырма берді. Ақбасты, Тоқабай, Абай елдімекендеріне ауыз су құбырын тарту жұмыстарын қадағалауды, Тастүбек, Ерімбетжаға ауылдарына ауыз су желісін тарту жобасының мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ, тиісті сала басшысына тұрғындардың медициналық қызметке қолжетімділігін арттыру бағытында елдімекендердегі жедел-жәрдем автокөліктерінің ағымдағы жағдайына нақты талдау жасауды жүктеді.

Ауыз су мәселесі бойынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында өткенжылы 363,2 млн теңгеге Арал қаласының №8, №6, Жақсықылыш кентінің жаңа мөлтек ауданы, Көктем елді мекенітолықтай Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылса, 442,6 млн теңгегеАрал қаласының №6, №8, №5, Жақсықылыш кентінің жаңа мөлтек ауданы толықтай электр желілеріне қосылды. Сондай-ақ, Құланды елді мекеніне 17,5 млн теңгеге су тұщытатын блокмодуль қойылды. Ал халық саны өте аз Мойнақ ауылына демеушілер есебінен шахталық құдық қазылып берілді. Бұл өз кезегінде елді мекендердің сапалы ауыз сумен қамтылу дейгейін 88,6 пайызға көтерді.

Арал  қаласы  мен  Жақсықылыш  кентінің  жаңадан  пайда  болған  мөлтек  аудандарына  инфрақұрылым  жүргізу  арқылы жер телімі кезегінде тұрған 881адамның өтініші  қанағаттандырылады.

Бұдан бөлек, «Қуатты өңірлер ел дамуының драйвері” ұлттық жобасы аясында халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына пәтерлер сатып алуға 1млрд. 56 млн. теңге қаржы бөлініп, тұрғын  үй  кезегінде  тұрған  100 азаматқатабысталды.

БӨЛІСУ