Қала әкімдігі мен қалалық прокуратура ұйымдастыруымен құрылған мобильді топтың түнгі рейдтік іс-шаралары жалғасуда.

Рейд барысында 79 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүргені үшін 71 ата-анаға қатысты (ӘҚБтК-нің 442) әкімшілік шара көрілді және ата-ананың мiндеттерін орындамаған үшін 1 жасөспірімнің ата-анасына қатысты (ӘҚБтК-нің 127) әкімшілік шара көрілді.

Сонымен қатар, 1 ойын сауық мекеме иелеріне қатысты кәмелетке толмағандардың болуына жол бергені үшін (ӘҚБтК-132) шара көрілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жүргізіледі. Негізгі мақсат – жастар мен жасөпірімдер арасындағы қылмыстың, топтық төбелестердің алдын алу және кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын оқыс оқиғаларды болдырмау.

Айта кету керек, мобильді топ құрамында БАҚ өкілдері, қоғам белсенділері, қалалық прокуратура, қалалық қоғамдық даму, білім, кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімдері, ювеналды полиция қызметкерлері мен жастар орталығы мамандары бар.

БӨЛІСУ