Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері кездесу өткізілді.

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесіп ҚР ҰҚК ШҚ Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбын түсіндіру мақсатында сұхбат алаңы өткізілді.

Негізгі мақсаты: мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және нөлдік төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының өкілі Аблаева Айда мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен жалпы ұлттық негізде күресу екенін айта келе, облысымызда сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, нөлдік төзімділік мәдениетін қалыптастыру бойынша халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстары, жастар арасында кездесулер, білікті заңгерлердің еңбек ұжымдарымен сұхбат және түрлі форматта шаралар жүргізіліп жатқаны жөнінде атап өтті. Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы тоқталып өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентіктік өкілі Қозыбағарова Жанар Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде құқықтық-түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сұхбат алаңы соңында шара төңірегінде бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.

БӨЛІСУ