Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Қалжан ахун ауылындағы «Ауыл аманаты» жобасы арқылы жүзеге асырылған жылыжай жұмысымен танысты.

Жеке кәсіпкер Серік Әбжәлиев кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған Үкіметтің қолдауын ұтымды пайдаланып, «Ауыл аманаты» жобасы арқылы жаңа кәсіпті бастады. Ол 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, жаңа жылыжайды іске қосты. Мұнда қияр егіп, одан мол өнім алуды жоспарлап отыр. Бүгінде көкөністің бап-күтімі жасалуда және 3 адам жұмыспен қамтылуда.

Аудан басшысы тұрғындар «Ауыл аманаты» жобасының игілігін көріп, кәсіптерін бастап жатқанын айтты. Өткен жылы ауданда 23 жоба қолдау тапқанын атап өтіп, жеке кәсіпкердің жаңа бастамасына табыс тіледі. С.Әбжәлиев алдағы уақытта қосымша қызанақ және тағы басқа да көкөністер егу жоспарында бар екенін жеткізді.

 «Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде Сырдария ауданына қарасты Айдарлы ауылдық округінде құрылған «Бәйтерек» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі қызу жұмыс істеуде.
Аталған кооператив жүннен жасалатын бұйымдар дайындау цехын ашып, 27,6 млн. теңге жеңілдетілген жылдық 2,5%-бен пайызбен несие алып, бүгінгі таңда өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда бұл кәсіпорында 6 адам жұмыспен қамтылған.
Несие қаражатына жүн өңдейтін арнайы құрылғылар, теріге арналған тігін машина, жүн тарауға арналған түрлі құрылғыларда сатып алған.
Кооператив ауыл тұрғындарының жүн, тері жинап, оны өңдеу арқылы ұлттық нақыштағы киіз үй бұйымдарын шығаруда.
Жалпы Сырдария ауданы бойынша өткен жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасымен жалпы құны 234,7 млн. теңгені құрайтын 23 жоба қаржыландырылған болса, оның ішінде Айдарлы ауылы бойынша жалпы 55,2 млн. теңгені құрайтын 2 кооператив қаржыландырылды.

БӨЛІСУ