Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудандағы «Жалын» сауықтыру лагерінің тынығушы балалары, тәрбиешілері, және медициналық қызметкерлері үшін аудандық білім бөлімімен бірлескен «Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалын» сауықтыру лагері» КМҚК-нында тағамнан жаппай уланудың алдын алу үшін санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу туралы тақырыбындағы 03.06.2024ж. №52-нқ/№101-нқ. бірлескен бұйрығының №1 қосымшасымен бекітілген кесте бойынша лагерде ақпараттық-насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Санитариялық-ағарту жұмыстары кезінде «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2022 жылғы 10 тамыздағы № ҚР ДСМ-78 бұйрығының талаптары туралы бас маман А.Құлмағанбет, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 4 сәуірдегі «Қоғамдық тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 17 ақпандағы № ҚР ДСМ-16 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» № 58 бұйрығының талаптары туралы бас маман Г.Тұсмағанбетова, «Конго-Қырым қанды безгегінің алдын алу шаралары, кене шағудан сақтану туралы» жетекші маман А.Байтілеу «Лагерь балалары арасында жұқпалы туберкулез, қызылша, көкжөтел, жұқпалы жедел ішек, тағамнан улану ауруларын болдырмау, таратпау шаралары» туралы жетекші маман Ұ.Нұрбаева, ақпараттандыру-түсіндіру мақсатында баяндаулар жасады. Туындаған сұрақтарға мамандар тарапынан тиянақты жауаптар беріліп, тақырыпқа орай буклеттер, брошюралар таратылды.

БӨЛІСУ