Облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Ерсұлтан Амантайұлы Сырдария ауданының егіс алқаптарын аралады.

Ағымдағы жылдың 7 маусым күні облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Е. Әпетов, “Қазсушар” РМК Қызылорда филиалы, Қызылорда облысы бойынша жер ресурстарының қорғалуын бақылау департаменті және аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары мамандарынан құрылған жұмыс тобымен ауыспалы егіс жүйелерінде дақылдарды кезектестіру схемасының (ротация) сақталуына зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Жұмыс тобы А.Тоқмағанбетов, С.Сейфуллин, Қалжан ахун, Нағи Ілиясов ауылдық округтеріне барып, ауыл шаруашылығы құрылымдарына кезектестіру схемасын (ротация) қатаң сақтау және ауыспалы егістіктерді мақсатты пайдалану туралы толық түсіндірме жүргізілді.

Ауданда 36 043 гектарға (2022 жылы 33098 га, 2945 га артық) ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылса, оның ішінде, күріштің көлемі 23 811 гектар, жаздық бидай 1723 гектар, арпа 15 гектар, мақсары 180 гектар, күнбағыс 100 гектаржәне картоп, көкөніс, бақша дақылдары
1168 гектарды құрайды.

Егілген күріш дақылынан гектарына 59,8центнерден өнім алынып, барлығы 142 390 тонна астық жиналды.

Соңғы жылдары аймақта су тапшылығы мәселе тудырды. Осыған байланысты облыс әкімініңқолдауымен 2022 жылы шаруашылықтарға 37 насос, өткен жылы қосымша 12 насос алынды. Ауданда барлығы 74 насоспен егінге қажетті су жеткізілді.

Екі жылдың көлемінде аймақ басшысының тапсырмасымен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақша дақылдарынегу жұмыстары жүргізілуде.

Ауданда 2022 жылы 210 гектар қосымша жер ашылып, 865 отбасы бақша дақылдарын ексе, 2023 жылы жер көлемі 359 гектарға дейін артып,1105 отбасы әлеуметтік маңызы бар картоп, көкөніс, бақша өнімдерін жинап алды (картоп – 200 га, көкөніс – 51 га, бақша дақылдары – 108 га). Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасын табады.

Бақша дақылдарын егуде аудан жастары белсенділік танытуда. Алғашқы жылы Айдарлы, Шіркейлі ауылының жастар бригадасы 20 гектарғаегін ексе, былтыр Аманкелді, Жетікөл, Бесарық, А.Тоқмағамбетов елді мекендерінде жастар бригадалары құрылып, 60 гектарға бақша дақылдарын егіп, жемісін көрді.

БӨЛІСУ