Қызылорда облысының әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысынан кейін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтің төрағалығымен мәжіліс өтті.

Жиында аудан әкімі А.Ибраимов облыс әкімінің төрағалығымен өткен тұрмыстық зорлық-зомбылық және қаржы пирамидаларының профилактикасы жөнінде қоғалған мәселелерге қатысты жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар беріп, тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы аясында атқарылған жұмыстарды пысықтады.

Жиын қорытындысымен аудан әкімі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, жолын кесуге, сондай-ақ оларды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған құқықтық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шараларды жүзеге асыруды, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың жекелеген санаттарына психологиялық қолдау, кеңес беру, өз құзыреті шегінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды, тұрғындардың алаяқтар мен қаржы пирамидаларын құрбанына айналмас үшін профилактикалық шараларды одан әрі күшейтуді тапсырды.

Сондай-ақ мұқтаждығы анықталған тұрмысы төмен отбасыларға демеушілердің көмегімен қайырымдылық акцияларын ұйымдастырудыды, әлеуметтік қолдаулар көрсетуді және отбасылық тұрмыстық ортадағы қылмыстарды болдырмау және оның алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту жөнінде қатаң тапсырмалар берді.
Берілген тапсырмалардың сапалы орындалуын қатаң бақылауды аудан әкімінің орынбасарларына жүктеді.

БӨЛІСУ