Республика көлемінде жүргізіліп жатқан «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасын іске асыру және кәмелетке толмаған балалардың арасында зорлық-зомбылық қаупінде тұрған немесе оған ұшыраған балаларды анықтау, алдын-алу және жолын кесу мақсатында құрылған мобильдік топ қалалық прокуратурамен бірлесіп, қала тұрғындарының отбасылық жағдайына зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Зерттеу барысында қала әкімінің орынбарасы Дархан Тұрсынбаев өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға жұмыспен қамту бойынша белсенді шаралар туралы ақпарат ұсынып, әлеуметтік қолдаулар көрсетілетіндігі жөнінде түсіндірді.

Қазіргі таңда қала әкімдігі тарапынан анықталған жағдайларға сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шараларын болдырмау, құпиялылықты сақтау, өмірлік қиын жағдайда жүрген әрбір адаммен жеке жұмыс жүргізу сияқты принциптерді басшылыққа ала отырып жұмыстар атқарылуда.

Жалпы, отбасын қолдау орталығы тарапынан тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Атап айтқанда, республикалық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» аппараттық науқаны аясында, «Тұрмыстық зорлық–зомбылық құрбандарының құқықтарын қорғау» және «Анаға тағзым» орталығында «Зорлық зомбылықпен күрес ортақ міндет» тақырыптарында аналар мен студенттерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Айта кету керек, заңда әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдатып, сондай-ақ отбасы институтын және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілген.

БӨЛІСУ