Ағымдағы жылдың 6 маусымында инспекция басшысы  Мұхтар Әуесұлы Жаңақорған ауданындағы ерекше қауіпті шегіртке зиянкесіне қарсы жүргізілетін химиялық өңдеу жұмыстарының барысымен танысты.

Жаңақорған ауданындағы химиялық өңдеу жұмыстарын мердігер мекеме “Авиакомпания “Дельта-Юг”” ЖШС жүргізу үстінде. Бүгінде таңда аудан бойынша 500 га жерге өңдеу жұмыстары ұшақ және жер агрегаттары арқылы жүргізілді.

2024 жылы Қызылорда облысы бойынша ерекше қауіпті шегіртке зиянкесіне қарсы 49 765 га жерге химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде “италиялық прусқа” қарсы – 8 100 га, “азиялық шегірткеге қарсы” – 41 665 га.

Облыс аумағындағы ерекше қауіпті шегіртке зиянкестеріне қарсы фитосанитариялық іс-шаралардың өз деңгейінде және уақытылы жүргізілуі Қызылорда Облыстық Аумақтық Инспекциясының тұрақта бақылауында.

Қызылорда облысында 50 мың гектарға жуық жер шегірткеге қарсы дәріленеді. Бүгінде Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандарында шегірткенің италиялық прус түрі кездессе, Шиелі мен Жаңақорғанда азиялық шегірткенің дернәсілдері жер бетіне шыққан. Бүгінде бұл аумақтарда залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Зиянкестердің ошағын анықтау және бақылау үшін өңірде жұмыс тобы құрылды. Мониторинг шаралары іргелес Түркістан, Ақтөбе және Ұлытау облыстарының мамандарымен бірге жүргізіліп жатыр. «Соңғы жылдары аймақта азяилық шегірткенің азайғаны байқалады», – дейді мамандар.
Былтыр 2023 жылы өңделген жұмыстармен 2024 жылы өңделген жұмыстардың арасында қазір 5 мың 364 гектарға азайды. Оның ішінде азиялық типтес шегіртке түрлерінің азаю көлемі байқалады. Есесіне былтырғыға қарағанда биылғы италиялық преске қарсы өңдеу жұмыстары 2 мың гектарға артып отыр. Бұл да болжамдау әдістемелік орталығының зерттеу жұмыстарының арқасында.

БӨЛІСУ