Бүгін Медицина саласының майталманы Исмаил Сейітназарұлының 100 жылдығына орай Шиелі аудандық көп бейінді орталық ауруханасынан хириругия бөліміне есімі беріліп, арнайы тақтайша мен кеудемүсін қойылды. Сондай-ақ, аудандық мәдениет үйінде көз көрген жандардың қатысуымен еске алу шарасы өтті.
Жиынға аудан әкімі Нұржан Ахатов, мәжіліс депутаты Мұрат Ергешбаев арнайы қатысып, 31 жыл бойы ауданымыздың медицина саласының тізгінін ұстап, бүгінгі бигіне көтерелуі үшін белжазбай еңбек еткен Исмаил Кәрімбаевтың есімі ұлықталып жатқандығы үлкен қуаныш екендігін, Мемлекет басшысы өз сөзінде үнемі атап өтетін «Адал азамат» ұғымы осындай біртуар азаматтарға қарап айтылғандығын, әрбір тұлға соған ұмтылу керектігін айтты.
Мұнан соң, аудандық мәдениет үйінде еске алу шарасы ұйымдастырылып, Исмаил Сейітназарұлының күреске толы еңбек жолы, жарқын бейнесі туралы естеліктер сөз болды.