Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топпен белгіленбеген орынға қоқыс қалдығын төгу, құрылыс қалдықтарын тастау және қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізіп, нысан аумағын қалыпты жағдайда ұстамау, арық арналарын ластау, заңсыз қоршау жүргізу, жалпы эстетикалық талаптарды бұзу деректері бойынша рейд жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында қала әкімінің аппарат басшысы Мұрат Тасқараев нысан аумағының тазалығы мен сәулеттік келбетін сақтамаған бірқатар тұрғындарға ескертулер жасап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Аталған рейд жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты жалғасын табатын болады.
Барша қала тұрғындарын, кәсіп иелерін және құрылыс қызметінің субъектілерін өзіне тиесілі нысан аумағаның санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге шақырамыз және нысанның сыртқы келбетін эстетикалық талапқа сай ұстау қажеттігін ескертеміз!
Айта кету керек, қаламыздың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында “Қызылорда тазалығы” мекемесі жеке және заңды тұлғаларға үздіксіз қызмет көрсетіп келеді. Бүгінгі күні мекеме теңгерімінде 123 дана арнайы техника бар, қаланың тазалығын қамтамасыз етуге 248 жұмысшы күші жұмылдырылған.