Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысында 2 мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша сөз алған аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Жасұлан Дүйсекеев салада сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған жұмыстар туралы хабарлады.
Екінші мәселе бойынша Таң ауылдық округінің әкімі Қайрат Сейдахметов хабарлама жасап, Таң ауылдық округі бойынша сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарған жұмыстар туралы мәлімдеді.
«Қылмыстық-құқықтық саясат сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін лауазымды тұлғалардың қатаң жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігі баршаңызға белгілі. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметі туралы және мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексі нормаларын қатаң сақтауға және сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау бағытында жұмыс жасауды тапсырамын. Қарапайым тілмен айтқанда, қызмет бабын жеке бас пайдасына пайдалануға жол бермеңіздер», – деді аудан әкімі Ардақ Ибраимов.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысын қорытындылаған аудан әкімі сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, жұмыстардың сапалы орындалуын қатаң тапсырды.