Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парағы.

Ауданындық өнер мектебі өнерпаздарының 1-10 маусым аралығындағы «Алтын балалық шақ» онкүндігі аясында «Өнердің гүл жайнаған балғындары» атты есеп беру концерті аудандық мәдениет үйінде өтті. Салтанатты шараның шымылдығын «Өрнек», «Шаттық» бишілер тобы «Қазақ» биімен ашып, мектеп оқушыларынан құралған ұлттық аспаптар оркестрі,(жетекшісі: Жүсіпов Серік) түрлі күйлерді өз нақышында орындап, көрерменді тебірентті. Аудандық білім бөлімінің басшысы Санира Жанназарова балғын балаларға жүрек жарды тілеген айтып, шәкірттер қосынының биіктерден көрінуі ұстазға байланысты екенін айта келе мектеп ұстаздарына алығысын білдірді.

Кешке өнер адамдары, аудандық білім бөлімінің қызметкерлері, ұстаздар қауымы мен ата-аналар қатысты.

Жас таланттар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Республикалық байқаулар жүлдегері «Асылым» балалар хорының орындауында Әлия Бушукованың «Өмірге ғашықпын» әні сахнаға жан бітіргендей болды. Баянистер , қобызшылар, домбырашылар ансамблі көрерменнің қошеметіне бөленсе, өнер мектебінің ұстазы Мұхан Жанболат оқушысы Сайлаубек Санжармен бірге классикалық жанрдағы және халық әндерін жанды дауысты орындады. Есептік концерт Өнер мектебінің әнұранына айналған Нұржан Дарибаевтың сөзіне жазылған, Достан Көзмағанбетовтың «Тұғырлы Мектебім» әнімен қорытындыланды.

БӨЛІСУ