Бүгін қалалық қоғамдық даму бөлімінің ұйымдастыруымен мемлекеттік рәміздерді қолдану және орналастыру заңдылығы бойынша семинар өтті. Оған елуге жуық мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты.

Семинар барысында бөлім басшысы Айдын Қайруллаев пен Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бас маманы Айгүл Абдукаримова сөз алып, мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік рәміздерді талапқа сай қолдану мен орналастыру жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сондай-ақ сұрақтарға жауап берді.

Шара соңында семинарға қатысушыларға жұмыс барысында пайдалану үшін жадынама таратылды.

БӨЛІСУ