Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимов 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері күніне орай өткізілген салтанатты шараға қатысып, аудан халқын айтулы күнмен құттықтады.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Елтаңба, Ту, Әнұран – Тәуелсіздігіміздің басты құндылықтарының көрінісі, бейбітшіліктің, бірлік пен келісімнің, өсіп-өркендеудің белгісі»,-деп рәміздердің ел өміріндегі маңызын сипаттаған болатын.
Біздің Рәміздерге деген құрмет – әрбір адамның өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сенім мен сүйіспеншілік сезімдерінің өлшемі. Себебі, Ту,Елтаңба және Гимн өз мемлекеттілігін ғасырлар бойы аңсаған азат ұлттың орындалған арманының белгісі. Оларды жүрегіне басып, маңдайына тигізіп қадірлеу арқылы егемен елдің еңсесі биік азаматтары қалыптасады», – деді Ардақ Ибраимов.

Салтанатты шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін құрметтеп дәріптеуде үздіктер қатарынан көрініп жүрген бірқатар азаматтар марапатталды. Қ.Қазантаев атындағы мәдениет Үйі өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, салтанатты шара барысында бейбіт шеру ұйымдастырылып, аудан мақтаныштары көк туымызды мақтанышпен көтеріп, көшелерді жүріп өтті.

БӨЛІСУ