Қызылордалық полицейлер жеке күзет ұйым қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған шара ұйымдастырды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімінің қызметкерлерімен облыс көлемінде террористік тұрғыдан осал обьектілерді және басқа да жеке күзет ұйымдарымен күзетке алынған нысандар мен олардың персоналдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке күзет ұйымдарының басшылары, жедел ұтқыр тобының күзетшілері және объектіде күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерінің біліктілігін арттыруға бағытталған іс шара өткізілді.
Шара барысында Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің Қызылорда облысы және Байқоңыр қаласы бойынша департаментінің терроризмге қарсы орталығының қызметкерлері, Қызылорда облыстық филиалы«Динамо» ДШСҚ және «АСАР» Даярлау орталығы ЖШС Қызылорда қаласындағы филиалы мамандарының қатысуымен жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымдарын атқаратын жұмыскерлерге төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
ҰҚК әзірлеген қауіп төнген немесе терроризм актісі жасалған жағдайда күзет қызметі субъектілерінің алғашқы әрекет ету алгоритмі, күзет ұйымдарының міндеттері мен іс-әрекеттері, қызмет атқару барысында қауіпсіздіктің алдын алуға арналған арнайы заманауи техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығы түсіндірілді.
Сонымен бірге облыс көлемінде қызмет көрсететін жеке күзет ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін шыңдаумен қатар, теориялық, практикалық дәрістер беріліп, заңдылықты сақтау, терроризм, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, күзетілетін нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қосымша нұсқаулықтар беріліп, арнайы бейнероликтер көрсетілді.
Алдағы уақытта Қызылорда ОПД Күзет қызметін бақылау бөлімімен құқық қорғау органдары,мамандандырылған оқу орталықтары қызметкерлерінің қатысуымен облыс көлеміндегі нысандар мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі іс-шаралармен қатар жеке күзет ұйым күзетшілерінің іс-әрекеттерінің сапасын жақсарту, құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілетін болады.

БӨЛІСУ