Қазалыда философия ғылымдарының кандидаты, профессор Мұстафа Матаев атындағы мұғалімдер арасында волейболдан аудандық ашық турнир өтті.

Әйтеке би кентіндегі Мұстафа Матаев атындағы №170 орта мектепте өткен спорттық шараға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет арнайы барып, ардақты азаматтың ұрпақтарымен кездесіп, іс-шараның өтуімен құттықтады. Сондай-ақ білім ошағының ауласындағы Мұстафа Матаевтың ескерткіш бюсті және музейімен танысты. Турнирдің ашылу салтанатына аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов және де Мұстафа Матайұлының ұрпақтары мен осы мектептен түлеп-ұшып, түрлі салада қызмет етіп жүрген бірқатар ел азаматтары қатысты.

Білім ордасында өткен турнирге ауданымыздағы №249, 70, 92, 266, 288 және М.Матаев атындағы №170 мектептерден 6 команда бақ сынады. Жеңімпаз командарлар дипломдар мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, аудан орталығындағы №170 мектепке 2022 жылы ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, философия ғылымдарының кандидаты, профессор Мұстафа Матайұлының есімі беріліп, өз заманының өршіл тұлғасына арналып музей мен ескерткіш бюсті ашылған болатын.

БӨЛІСУ