Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек аудандық маслихат, ардагерлер және қоғамдық кеңес төрағаларымен бірге 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ерекше балаларды мерекемен құттықтады.

Аудан басшысы «Дәметкен ана» мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту, аудандық психологиялық-педагогикалык түзету және «Аңсаған» мүмкіндігі шектеулі балалар орталықтарында болып, онда тәрбиеленетін ерекше балалармен кездесті.

Балдырған балаларды мерейлі мерекемен құттықтап, тәттілер мен сыйлықтар үлестіріп, ерекше балаларға әрдайым қолдау болатынын айтты.

Айта кетейік, қазіргі таңда ауданда 132 мүмкіндігі шектеулі балаларға 28 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетуде. 2024 жылы жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 1483 мүгедектігі бар тұлғаларға оның 418 мүгедектігі бар балаларға протезді-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық, жүріп-тұру және міндетті гигеналық құралдармен қамтамасыз етілді.

БӨЛІСУ