Ұрпақ тәрбиесі «Miras» аймақтық кеңесінде талқыланды.
«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың – қас жауы», – дейді Әл – Фараби. Шыны керек қазір бала тәрбиесі ерекше мән беруді қажет етеді. Осы орайда бүгін партияның облыстық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық кеңесінің мүшелері бас қосып, ұрпақ тәрбиесінде қай жерде кемшін түсіп отырмыз, қай бағытқа көңіл бөлу керек, қоғамдағы балалар мен жасөпірімділер арасындағы орын алып отырған оқиғалардың алдын алу бағытында не істеу керек? Осы бағыттағы орамды ойларымен бөлісті.
Кеңес отырысына партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары, партияның «Әйелдер қанатын» және белсенді жастар сонымен қатар жауапты сала өкілдері қатысты.
Жиында партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова партия филиалының бала өмірінде әке мен ананың рөлін нығайту, балалар бойында адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, балалардың құқықтарын қорғау, олардың дамуына қолайлы орта жасау, баланың жан-жақты дамуына бағытталған жазғы демалысты ұйымдастыру және жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, олардың өмірі мен қауіпсіздігіне төнетін қауіптің алдын алу бағытында жауапты салалармен бірлесіп атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, «AMANAT» партиясы Ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесіне барлық қоғам назарын бағыттауға үндейтін «Балаңа уақыт арна!» деп аталатын акцияны қолға алып отырғандығын атап өтті.
Жиын барысында кеңес мүшесі, тәуелсіз, сарапшы журналист Айткүл Шалғынбаева – баланың тұлға болып қалыптасуындағы қоғамның рөлі, облыстық Әкелер Одағының төрағасы Ержан Искендер – бала тәрбиесіндегі отбасы, оның ішінде әке рөлі, «Ұлттық мұра» партиялық жобасының өңірлік жетекшісі, айтыстың ақтаңгері Мұхтар Ниязов – бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді насихаттау, «Анаға тағзым» орталығының Креативті индустрия бөлімінің басшысы Айдана Хабиева әлеуметтік желілердің бала тәрбиесіндегі әсері туралы хабарлама жасап, ойларымен бөлісті.
Жалпы Кеңес отырысына қатысушылар тарапынан Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің бір міндетіне ұрпақ тәрбиесі қауіпсізідігін енгізу, мектептерде этно педагогика пәнін енгізу, тынығу мен қатар балаларға еңбек лагерлерін ұйымдастыру, әлеуметтік желілілерде жасөспірімдерге арналған контенттерді қалыптастыру, түнгі клуб, компьютер клубтары иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу, қаланың шет аймақтарында ойын алаңдарын көбейту, мектеп оқушылары арасында зиялы қауым өкілдері, танымал үлгілі жастар және спортшылармен жиі кездесулер ұйымдастыру сонымен қатар, еңбек азаматтары мен зиялы қауым өкілдерін ата-аналармен кездесулерге қатыстыру секілді түрлі ұсыныс – пікірлер ортаға салынып, назарға алынды.
Ақпарат үшін: өңірде барлық елді мекеніндегі 171 мәдениет үйі жанынан жастарды отаншылдық және мемлекетшілдікке, патриоттыққа тәрбиелейтін, түрлі бағыттағы үйірмелері бар «Адал адам» орталықтары құрылып, жұмыс жасауда.