Ағымдағы жылдың 30 мамырында өткізілген Әдеп жөніндегі кеңес отырысының күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамалары, Әдеп кодексі бұзушылықтарының профилактикасы бағытында атқарған жұмыстарының нәтижелері қаралды.

Екінші мәселемен Қазалы ауданы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің есебі тындалды.

Үшінші, төртінші және бесінші мәселелер бойынша облыстың мемлекеттік органдарының Әдеп жөніндегі уәкілдерінің қатысуымен Департаментпен 2023 жыл мен 2024 жылдың 1 тоқсанының қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тартылуы жағдайына жасалған талдау қорытындысы, мемлекеттік қызметшілерге қатысты мемлекеттік қызмет және қызметтік этика саласындағы заңнаманың сақталуы бойынша БАҚ-да жағымсыз жарияланымдар бойынша және 2024 жылдың 5 айында мемлекеттік органдардың Әдеп жөніндегі уәкілдерімен атқарылған жұмыстарына жүргізілген талдау нәтижелері қаралып, тиісті ұсыныстар қабылданды.

БӨЛІСУ