Ағымдағы жылдың қаңтар айында облыс әкімінің қаулысымен облыстық психологиялық орталық ашылды. Жазғы маусымда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орталықпен жазғы маусымда балаларға, ата-аналарға кеңес беру қызметі жұмыс жасайтын болады. Осы мақсатта балаларға арналған «онлайн-лагерь», инстаграм, телеграм әлеуметтік желіде ата-аналарға арналған әлеуметтік парақшалар ашылды.

​Балалардың қоғамдағы әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында дарынды оқушылармен облыс әкімінің кездесуі өтті, мүмкіндігі шектеулі балалар “Жүректен жүрекке” қайырымдылық акция жоспарланды.

Сонымен қатар, концерттік бағдарлама, спорттық жарыстар, театрлық қойылымдармен толықтырылады.

​Облыстық полиция департаменті, еңбек саласындағы бақылау департаментімен бірлесіп 1-12 маусым аралығында “Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн” Ұлттық ақпараттық науқаны өткізіледі.

Науқан аясында Қызылорда облысының полиция департаментінің, жергілікті полиция қызметі, еңбек саласындағы бақылау және білім басқармалары мен үкіметтік емес ұйымдармен бірге “Отбасында зорлық-зомбылық жоқ!”, “Түнгі қаладағы балалар”, “Жасөспірім”, “Көше” атты кең ауқымды рейдтік шаралар және бала қауіпсіздігі жөнінде ағарту –профилактикалық шаралар жүргізіледі.

БӨЛІСУ