Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұловтың төрағалығымен 2024-2025 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізуге жәрдемдесу жөнінде өңірлік комиссияның отырысы өтті.

Жиынға дербес бөлім басшылары, қала, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізуге жауапты мамандары және қала, кент, ауылдық округ әкімдері онлайн режимде қатысты.
Комиссия отырысына Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Г. Нұрқабылова онлайн түрде арнайы қосылып, 2024 жылғы 1 қаңтарда жеке тұлғаларға қатысты электронды әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінде аудан бойынша жүргізілген логикалық бақылаулар мен сәйкессіздіктер және анықталған айырмашылықтарға тоқталып өтті.
Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары туындаған кемшіліктерді дер кезінде назарға алып, ұлттық ауылшаруашылығы санағында тіркелімдер базасымен бірге электронды әр шаруашылық бойынша есепке алу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы түрде жүргізу, әр шаруашылық бойынша есепке алу базасымен ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорындағы мал басы санының сәйкессіздігін жою шараларын үйлестіруді тапсырды.

БӨЛІСУ