Ағымдағы жылдың 29 мамырында Жалағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс 20-сессия отырысы өткізілді.

Сессия отырысына аудандық мәслихат депутаттарымен қатар аудан әкімі Ардақ Ибраимов қатысты. Сессия отырысын аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов ашып, жүргізді.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселеге байланысты аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Н.Маратқызы хабарлама жасады.

2023 жылдың қорытындысымен кент, ауылдық округі әкімі аппараттарының бюджетінде 9044,2 мың теңге бос қалдық қалыптасқан, аудандық бюджеттен 7552,5 мың теңге бағытталады, өз кірістерін ұлғайту жоспары 30 078,0 мың теңге, барлығы 46 674,7 мың теңге 2024 жылға арналған ауылдық округі әкімі аппараттарының кірістер жоспарын ұлғайту көзделуде.

Ауылдық округтердің 2024 жылға жылдық түсімдер болжамына талдау жүргізіліп, нәтижесінде жеке табыс салығы -2707,0 мың теңге, біріңғай жер салығы-16230,0 мың теңге, жер учаскелерін сатудан-260,0 мың теңге, мүлікті сатудан түсетін түсімдер 765,0 мың теңге, мүлікті жалға беруден-253,0 мың теңге, барлығы 20 215,0 мың теңге артық түсім қалыптасқандығы анықталды.

Аудандық кірістер басқармасының 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ұсынған мәліметінде кент, ауылдық округтер бойынша жеке тұлғалардың көлік салығына 2023 жылғы қарызы 24 937,4 мың теңге, жұмыс жасау барысында 9 863,0 мың теңге салық түсетіні анықталып, көлік салығын ұлғайту жоспарлануда. Өзгерістерге сәйкес кент, ауылдық округтері бюджетін 46 674,7 мың теңгеге нақтылап, сәйкесінше тиісті шығыстарына бағыттау жоспарлануда.

Екінші мәселеге байланысты аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Е.Жамалатов хабарлама жасады.

Жалағаш ауданында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы №787 қаулысымен бекітілген Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларына сәйкес әзірленді. Шетелдіктер үшін туристік жарна туристерден хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін алынады.

Шетелдіктер үшін төленуге тиісті алынатын туристік жарна сомасы тұру құнына енгізілмейді. Жыл қортындысымен шетелдіктердің келу саны аз болғандықтан, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда – болу құнының 0 (ноль) пайызы бекітуге облыстық әділет департаментінен келісім алынған.

Мәслихат депутаттары тарапынан сессияға ұсынылған мәселелер бірауыздан қолдау тауып, шешім жобалары мақұлданды.

Сессия соңында сөз алған аудан әкімі Ардақ Ибраимов ауданның бюджеті, оның ішінде кірістер бөлігін ұлғайту бағытында атқарылып жатқан шараларға тоқталып, мәслихат депутаттарын осы жұмыстарға қолдау көрсетуге шақырды.
Аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов сессия жұмысын қорытындылады.

БӨЛІСУ