Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған комиссияның кезекті отырысы өтті.

Онда аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің, Төретам кенті әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында атқарған шаралары туралы мәселелер қаралды.

Жиында аудан басшысы ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жемқорлықтың тамырына балта шаппаса, ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіреді» деген сөзін тілге тиек етіп, халыққа қызмет ететін мемлекеттік орган қызметкерлері міндеттерін адал орындауы керектігін атап өтті.

Сонымен қатар, бөлім басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдеріне құқық қорғау органдарымен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірлесе отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық, құқықтық насихаттық шараларды жүзеге асыруды тапсырды.

Сондай-ақ, барлық мекеме, кәсіпорын қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін бірінші басшының дербес жауапкершілігі қаралатыны қатаң ескертті.

БӨЛІСУ