Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өткізілді. Отырысқа комиссия мүшелері, бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде есірткінің заңсыз айналымын, тасымалдау жолдарын, есірткі алқаптарын еккен тұлғаларды анықтау жұмыстары туралы, бұрын сотты болған және жазасын өтеу орындарынан мерзімінен бұрын босатылған азаматтарды мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғау шараларының барысы туралы, аудан әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссия хаттамаларының орындалуы туралы мәселелер қаралды.

Жиын соңында аудан әкімі құқық бұзушылық профилактикасына оның ішінде алаяқтық, мал ұрлығы, тонау қылмыстарының және жол-көлік оқиғаларының, суицид, сондай-ақ жастар тәрбиесі мен олардың қауіпсіздігі мәселесіне арнайы тоқталып, атқарылуы қажет жұмыстар бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

БӨЛІСУ