Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында «Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесіндегі жазасын өтеуші сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында, шағын орта кәсіпкерлік субъектілерін жаңа жұмыс орындарын ашуға және өз кәсібін жүргізуге берілетін жеңілдіктер мен көмектер туралы» дөңгелек үстел отырысы өтті.
Жиынға Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Д. Сейтжанов, мемлекеттік орган, ҚАЖ департаменті, прокуратура өкілдері және кәсіпкерлер қатысты.
Дөңгелек үстел отырысында Қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) департаменті бастығының орынбасары Ж. Әбдіқайыров төрағалық етіп, барша қатысушыларды отырыстың күн тәртібімен және баяндамашылармен таныстырды. Қызылорда облысы прокуратурасы басқармасының аға прокуроры А.Махмут өз кезегінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен бас прокуратураның тікелей қадағалауымен өңір прокуратурасы кәсіпкерлердің құқығын қорғауға аса назар аударатындығын айтып өтті. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының маманы Б.Бектібаева Әлеуметтік кәсіпкерліктің инструменттері бойынша толыққанды ақпарат берді.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы Б. Абилова өз баяндамасында қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы 22 шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінде 128 соттылығы бар азаматар жұмысқа орналасқаныдығын айтып, сотталғандардың бос уақытын тиімді пайдаланып, жұмыспен қамту мақсатындағы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Осы орайда, кәсіпкерлердің ҚАЖ мекемелерінде жұмыс орындарын ашуы мүмкіндігі бар екендігін де айта кетті.
Жиын барысында кәсіпкерлер прокуратура және департамент өкілдеріне сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала алды.