Ағымдағы жылдың 21-24 мамыры аралығында қан айналым жүйесі аурулары бойынша ұйымдастырушылық-әдiстемелiк және консультациялық-диагностикалық көмек көрсету мақсатында “Кардиология және iшкi аурулар ғылыми-зерттеу институты” акционерлік қоғамының жетекші мамандарының, яғни кардиолог, кардиохирург, функционалдық диагностика дәрігері, интервенциялық кардиолог, ревматолог, нефролог дәрігерлерiнiң қатысуымен медицина ұйымдарына мониторинг жұмыстары жүргізілдi.

Сонымен қатар, мамандар 22 мамыр күнi қалалық орталық емханада, 23 мамырда Сырдария аудандық ауруханасында тұрғындарға медициналық кеңес бердi.
Тұрғындар қабылдауында ревматолог дәрігер 48 пациенттi қабылдаса, нефролог 41, кардиолог маман 60 науқасқа кеңес берiп, оның ішінде ревматология, нефрология, кардиологиялық емдi қажет ететін 31 науқасқа стационарлық ем қабылдауға жолдама бердi.
Сондай-ақ, функционолист маман 57 УДЗ тексеруiн жүргізсе, энтервенциялық кардиолог маманы 3 науқасқа күрделі ота жасап, өңiр дәрігерлеріне семинар сабағын өткізді.
Сапар соңында аймақтың бас дәрігері Искаков Олжас Ермекұлы тәжірибелiк кеңестерiмен бөлiскен Кардиология және iшкi аурулар ғылыми-зерттеу институтының мамандарымен кездесiп, алғысын білдірдi.

БӨЛІСУ