Облыс әкімінің төрағалығымен өткен мәжіліс отырысында өңдеу өнеркәсібін дамыту мәселесі қаралды. Мәжіліс отырысының хаттамалық тапсырмасына сәйкес аудан әкімі Ардақ Ибраимов маңызды міндеттерді жүктеді.
Аудан бойынша 2024жылдың 4 айының қорытындысымен өнеркәсіп өнімдерін өндіру 156,2 пайызға орындалып, 14 млрд. 253 млн. теңгенің өнімі өндірілді.
Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі шаруашылықтардың күріш ақтауы, мұнай компанияларының мұнай өнімдерін өңдеуі және «Өркен Әлем» ЖШС-ның өндірген өнімі есебінен 8,9 есеге артып, 6 млрд. 378 млн. теңгенің өнімі өндірілді.
Өткен жылы мемлекеттік қолдау шаралары аясында төмен пайызбен өңдеу саласы бойынша 7 жобаға 50,3 млн. теңгеге жеңілдетілген несие қаражаты берілді.
Осы ретте, аудан әкімі аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне биылғы жылы қаржылық қолдау тапқан кәсіпкерлер жобаларын толық жүзеге асырып, статистикалық есептіліктерін тапсыруларын қамтамасыз етуді тапсырды.
«Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Қазіргі ең басты міндет – еліміздің мықты өнеркәсіптік негізін қалыптастыру және экономикамыз өзімізді толық қамтамасыз ете алатын жағдайға жету. Сондықтан өңдеу саласын жедел дамытуға баса мән беруіміз қажет.
Біз ел тағдыры үшін айрықша мәні бар бірқатар жобаны жүзеге асыруымыз керек. Экономиканы әртараптандыру бұрынғыдан да маңызды міндетке айналуда» – деп атап өткен болатын.
Сондықтан ауданда өңдеу өнеркәсібі бағытындағы кәсіпкерлік жобалардың мемлекеттік қолдау шаралары аясында қаржылындырылуына басымдық берілу қажет»,-деді Ардақ Ибраимов.