Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес Жалағаш кенті бойынша діни экстремизм мен терроризмге қарсы жүргізілген профилактикалық шаралар және білім беру ұйымдарында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы негізгі мәселелер қаралды.
«Өздеріңізге мәлім, Қазақстандағы деструктивті діни ұйымдарға қатысты мәселелердің маңыздылығына мемлекет басшысы ерекше назар аударып, еліміздегі діни ахуалды реттеу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар беруде.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алып, адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы мемлекеттік бағдарлама әзірленді.
Бағдарламада көрсетілген мақсат-міндеттерді аудан көлемінде мүлтіксіз орындап, тиісті шаралар қабылдануы тиіс»,- деді Ардақ Ибраимов.
Сондай-ақ, діни экстремизмнің алдын алу үшін конфессияаралық келісім мен төзімділікті, Қазақстан халқының рухани мәдениеті мен дәстүрін дәріптеп, халықтың діни және құқықтық сауатын көтере отырып, радикалды діни ағымдардың түпкі ойын әрбір азаматқа анық көрсету қажеттігін жеткізді.
Комиссия отырысында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуын бақылау және үйлестіру салаға жауапты аудан әкімінің орынбасары Сүлейменов Ғани Кенжеғараұлы іссапарда болуына байланысты Ержан Еділбайұлына тапсырылды.