Бүгін партияның облыстық филиалы жанындағы «Отбасы және Халықты әлеуметтік қорғау», «Білім және Денсаулық сақтау» мәселелері бойынша аймақтық кеңестердің бірлескен отырысы өтті.

Жиында «Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру мен сауықтыру» мәселесі сонымен қатар облыстық жастар денсаулығы орталығының 2023-2024 жылдар аралығындағы атқарған жұмыстары қаралды.

Жалпы, аймақта 1-10 сынып аралығында 173 859 оқушы бар. Бүгінгі күні оның 170 383-ін немесе 98% жазғы тынығумен және еңбекпен қамту жоспарланған. Облыс көлемінде жазғы демалысты ұйымдастыруға 2518 педагог, 38 белсенді студент пен 23 ерікті тартылмақ.

«Биыл мектеп жанынан жұмыс жасайтын 238 жазғы тынығу лагерінде тамақпен 25 823 оқушы, 290 лагерьде 131 879 бала тамақсыз демалатын болады. Одан бөлек, қала сыртындағы 8 лагерьде 7 ауысымда 7035 бала демалса, аймақтан тыс жерде орналасқан лагерьлерде 6 ауысымда 5646 оқушы демалыспен қамтылады.Оның ішінде 1430 бала «Қазақстан халқына» қоры арқылы «Қуаныш» демалыс орнына барады. Жалпы тынығумен 1-10 сынып оқушыларының 38504, яғни 22,1% құрайды»,- дейді атқарылған жұмыстар жөнінде хабарлама жасаған облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бектұр Қали.

Жазғы уақытта балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында өңірде түрлі экскурсиялар мен арнайы турлар ұйымдастырылмақ. Мұнан бөлек «Ауыл лайф», «Сыр камп», «Дәстүрлі қоржын», «Жас қазақ», «Киелі Қазақстан», «Кітап құрттары» жобалары өтеді. Сондай-ақ, оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зияткерлік дағдыларды дамыту мақсатында биылдан бастап аймақ басшысының қолдауымен «Сыр лигасы» жобасы жүзеге асуда.

Күн тәртібіндегі екінші мәселеге тоқтаслақ, «Облыстық жастар денсаулығы орталығы» мемлекеттік мекемесі өңір жастарына медициналық-психологиялық көмек көрсету мақсатында облыс әкімінің 2015 жылдың 25 маусымындағы № 57 қаулысымен Республикамызда алғаш рет дербес түрде құрылған. Бүгінде жастар денсаулығына қатысты өзекті мәселелердің алдын алу мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен жастар денсаулығын сақтау мен нығайту. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, бүгінгі күні облысымызда 841 000 адам өмір сүруде, оның ішінде 14-28 жас аралығындағы жастардың саны 167 739, бұл тұрғындардың 20%-ын құрайды екен. Өткен жылы Жастар денсаулығы орталығы барлығы 53 922 жасқа қызмет көрсеткен. Әлеуметтік санаты бойынша айтар болсақ, олардың 20,3% мектеп оқушылары, 62,8% студенттер, 10,3% жұмыс жасайтындар және 4,5% жұмыссыздар, 2,1%. маргиналды жастар.

Өткен жылы орталықтың дәрігер мамандары 15 мыңнан астам азаматқа медициналық көмек көрестті. Қаралу нәтижесінде – 14 296 адамға кеңес беріліп, 1077 адам тұрғылықты жері бойынша емханаларда сауықтырылды, 60 адам ары қарай қосымша ем алуға жіберілді. Ағымдағы жылдың І тоқсанында өткізілген профилактикалық тексеруі нәтижесінде -3845 адамға кеңес беріліп, 247 жас тұрғылықты жері бойынша емханаларда сауықтырылды, 5 адам ары қарай қосымша ем алуға жіберілді»,- дейді орталықтың ұйымдастыру – әдістемелік бөлімінің дәрігері Сәуле Каусова.

Жиын барсында кеңес мүшелері балалардың жазғы тынығу лагеріне тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікті қатаң бақылау алу, әлеуметтік осал топтағы балалардың 100 пайыз жазғы тынығу орындарына баруын қамтамасыз ету, зорлық-зомбылық және суицидтің, ерте жүктіліктің, нашақорлықтың алдын – алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізу секілді бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Көтірлген ұсыныстар хаттамаланып, партиялық бақылауға алынды

БӨЛІСУ