24 мамыр күні қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.
Комиссияның күн тәртібінде 3 мәселе қаралып, ата-аналарға әкімшілік шара қолдану, баласынан бөлек тұратын
ата-ананың ата-ана құқықтарын жүзеге асыру және жасөспірімдер тарапынан орын алған құқық бұзушылық мәселелері талқыланды.
Комиссия төрағасы Дархан Есалыұлы кәмелетке толмағандардың профилактикасын күшейту мақсатында сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Комиссия тарапынан кәмелетке толмағандардың мәселесі бойынша балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында тиісті шешімдер қабылданды.