Қазалыда әр сенбі сайын өткізілетін көркейту-көгалдандыру, санитарлық-тазалық жұмыстары бүгінде барлық кент, қала, ауылдық округ аумағында жалғасты.

Сенбілік жұмыстары барысында аудан орталығы – Әйтеке би кентінің орталық көшелерінен бөлек, қазақ және орыс қорымдары аумағы «Водокачка» елді мекеніне барар жол, 5 квартал аумағы күл қоқыстардан тазартылды. Сондай-ақ бүгінгі сенбілік барысында Әйтеке би кентінің шет аймағындағы полигоннан ұшқан пакет, қағаз секілді қоқыстар тазаланып, полигон аумағы ретке келтірілді.

Әйтеке би кентіндегі 7 аймақ бойынша жүргізіліп жатқан сенбілік жұмыстарын аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет аралап көріп, әрбір аумақтағы кемшіліктер бойынша жауаптыларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Аудан көлемінде өткен жаппай тазалық шарасына барлық мекеме, кәсіпорын қызметкерлері ауызбіршілікпен атсалысып, туған жердің тазалығы үшін бірлесе жұмыс жасады.

БӨЛІСУ