Қызылорда облыстық ҚХА жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері «Қоғамдық тұрақтылық пен ұлттық бірегейліктің маңызы» тақырыбында Гежуба Шиелі цемент компаниясының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесуге облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бөлім басшысы Нұргүл Дүйсебаева, мекеме сарапшысы Бауыржан Үсенбаев, «Мәміле» және «Абай қазынасына саяхат» клубтарының жетекшісі Елена Пак, Шиелі ауданының этносаралық сарапшысы Біржан Өтебаев қатысты.
Кездесу барысында компания қызметкерлеріне өңірдегі этносаралық тұрақтылықты қамтамасыз ету, бірлік, келісім, тұрақтылықтың маңыздылығы туралы мекеме сарапшысы Бауыржан Үсенбаев айтып өтті.
Ел Президенті Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда «Ешкімді мәжбүрлемей, күнделікті өмірдегі қажеттілікті арттыру арқылы тіліміздің тұғырын нығайта береміз. Мемлекеттік тілге қатысты құр сөзден ештеңе шықпайды. Ең бастысы, нақты іс болуы керек», – деген болатын. Осы ретте тіл жанашыры Елена Пак мемлекеттік тілдің қолдану аясы туралы сөз қозғады.
Сонымен бірге, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Сыр өңірінде этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында қолға алынған ауқымды істер, өңірімізде мекен еткен барлық этнос өкілдері достықтың, конфессияаралық түсіністіктің қаймағы бұзылмауы жолындағы еңбектері, тілді дамыту жайлы айтып өтті.
Мазмұнды кездесу сұрақ-жауапқа ұласып, ұсыныстармен қорытындыланды.
Кездесуде компания қызметкерлері тарапынан айтылған ұсыныстар жоғары лауазымды органдарға жолданатындығы айтылды.

БӨЛІСУ