Қауіпсіз каникул: балаларыңыздыалаяқтардан қалай қорғауға болады.
Таяу уақытта елімізде мектеп қоңырауысоғылып, көптен күткен жаз мезгілі келеді, бұлкезде балалардың бос уақыты көбейіп, уайымдарыазаяды.
Fingramota.kz интернеттегі түрлі тұзақтармен алаяқтық схемалардан аулақ болу үшін ата-аналарға каникул кезінде балаларға ерекше назараударуды ұсынады.
Зиянды коды бар ойын қосымшалары
Қазіргі заманғы балаларға қатысты қаржылықалаяқтықтың көпшілігі әдетте мобильдік жәнекомпьютер ойындарын сатып алу кезінде орыналады. Көптеген онлайн-ойындардапайдаланушыларға керек-жарақ, ең жоғарыдеңгейге дейін «сатып алу» үшін ойын бонустарынсатып алу, қандай да бір жаңа локациялардыоқшаулау ұсынылады.
Қандай да бір ойынға керекті затты жеңілдікпенсатып алу не жарнамасы жоқ ойынды төменбағамен алу бас тарта қоймайтын ұсыныс. Алайдамұндай сатып алғанның бәрі бірдей зиянсыз емес.
Алаяқтар осылайша зиянды қосымшалардытаратуы мүмкін. Белгісіз сату көзінен«жеңілдікпен» ойын алғанша, гаджетке вирусы бар бағдарламаны кіргізіп жіберуге болады. Егер бала қосымшаларды ата-анасының банктің мобильдікқосымшасы бар телефонына жүктейтін болса, олбағдарлама банктік карталар мен шоттар туралыдербес деректер мен мәліметтерді жинап алады.
Нәтижесінде осындай конфиденциалдыақпаратқа ие болған алаяқтар шотыңызды ешқиындықсыз «тазартады». Егер телефоныңыз банк карточкасына, әсіресе жалақы картаңызғабайланыстырылған немесе басқа маңызды ақпаратсақталған болса, балаларыңызға ол телефондыойнауға бермегеніңіз дұрыс. Сонымен біргетелефондардан сатып алуға шектеу қойып, кішкентай бала байқамай ресімдеп жіберуі мүмкінақылы жазылымдарды үнемі тексеріп отырыңыз.
Ата-анасы өз «пластигін» ресімдеп берген жәнеөздерінің гаджеті бар ересек балаларға күмәндіқосымшаларды жүктеудің қандай салдары боларынтүсіндіріп беру қажет. Егер сіз балаңызбен біргеонлайн-сатып алғыңыз келсе, онда мұндаймақсаттарда жұмсағыңыз келген сома ғанааударылған виртуалды карточканы пайдаланғанжөн.
Кеңес: Барлық онлайн-сатып алулардыжалақыға байланысты емес жеке төлем картасының(виртуалды карта) көмегімен және тек тексерілгенсайттарда жасаған дұрыс, сондай-ақ ресмидүкендерден қосымшаларды жүктеу қажет.
Ақпарат «жинағыш»
Геодеректер мен өзге де дербес мәліметтердіжинақтап, сол арқылы сіздің әрекеттеріңіздіқадағалап отыратын Смарт-қосымшалар бар. Балалар қаннен-қаперсіз осындай қосымшалардыөздерінің немесе ата-анасының телефонына жүктепалуы мүмкін.
Мұндай конфиденциалды ақпарат«жинағыштар» қайда тұрып, қайда жұмысістейтініңізді, балаңыздың қайда оқитынын, уақытыңыздың көп бөлігін қайда өткізетініңізді, қалай демалатыныңызды, онлайн-сатып алуды қайжерде жүргізетініңізді және т.б. оп-оңай білугемүмкіндік береді.
Осылайша, алаяқтар сіздің барлыққызығушылықтарыңызды және балаларыңыздыңермегін оп-оңай біліп алады. Ал кейбірқосымшалар пошта сервистеріне, әлеуметтікжелілерге кибералаяқтардың кіруіне мүмкіндікбереді, бұл өте қауіпті. Сондықтан да гаджетіңізгетүрлі қосымшаны орнатпас бұрын сақ болыңыз.
Айтпақшы, қосымшаның орналасқан жеріңіздібақылайтынын білу сонша қиындық туғызбайды. Оны телефоныңыздың теңшеуінен тексеругеболады. IOS-та «Теңшеулер» бөліміне кіріңіз, одан««Конфиденциалдылық және қауіпсіздік», одан әрі«Геолокация қызметтері». Android-та «Теңшеулерді» ашып, «Орналасқан жер», одан әрі«Қосымшалардың геодеректерге қол жеткізуін» табыңыз. Барлық қосымшалар үшін геолокация қызметін ажыратып тастаңыз, ал күмәнділерінмүлдем алып тастаңыз.
Кеңес: Өз гаджетіңізге және балаңыздыңгаджетіне вирусқа қарсы бағдарламалар орнатып, оларды үнемі жаңартып отырыңыз. Қосымшалармен бағдарламаларды орнатпас бұрын оларда вирус бар-жоғын міндетті түрде тексеріңіз. Суреттерде, қосымшаларда және әлеуметтік желілерде посттаржариялау кезінде орналасқан жеріңіз туралымәліметтерді ажыратып тастаңыз.
Жалған профиль
Алаяқтар көбінесе профильдерін әлеуметтікжелілерде, форумдарда немесе онлайн-ойындардабаланың аккаунты ретінде жасырады. Сіздіңбалаңыз өзімен жасты балалармен араласыпжүрмін деп ойлауы мүмкін, бірақ бұл ересек адамнемесе алаяқ болуы мүмкін. Мұндай виртуалды«достардың» баланы суретке түсіруге жәнеөздеріне ата-анасының төлем картасын жіберуге, ата-анасының телефонына келетін SMS-кодтыхабарлауға немесе зиянды қосымшаныжүктеуге көндіру жағдайлары жиі кездеседі.
Кеңес: Балаңызбен диалог құрыңыз, оныменвиртуалды достары туралы шынайы өмірдегідостары жайлы сөйлескен сияқты сөйлесіңіз. Оғанинтернетте жарияланғанның бәрі жалпығақолжетімді және бүкіләлемдік ғаламтордасақталатынын, кез келген адам осы деректердіпайдалана алатынын айтыңыз. Балаңызға неліктенбейтаныс адамдарға, әсіресе интернетте сенугеболмайтынын және қандай деректерді ашуғаболмайтынын түсіндіріңіз.
Жылдам табыс
Көптеген балалар, ересектер сияқты сән қуадыжәне жаңалықтарды іздеп отырады: гаджеттіңсоңғы моделі, қосымшалар мен блогерлерге ақылыжазылымдар, киім және т.б. Бірақ мұның бәрінеақша қажет, сондықтан балалар демалыс кезіндеқосымша ақша табуға тырысады. Әрине, оңай жәнетез ақша табу – әр баланың арманы. Интернет жылдам табыс табу немесе әлеуметтік желілердегіұтыс ойындары туралы хабарландыруларға толы. Алаяқтар қарапайым операцияларды жасаудыұсынады: қосымшаларды жүктеу, белгілі бірсайттарға кіру, пікірлер қалдыру, репост жасау, бейнероликті қарап шығу, достарды шақыру жәнет.б. Мұндай әрекеттер үшін «жұмыс берушілер» баланың жеке кабинетінде ашылған электрондықәмиянға ақша саламыз деп қызықтырады. Алайда, тапқан ақшаны алу/шешу үшін шотта белгілі бірсома болуы керек немесе осыған ұқсас бірқатартапсырмаларды орындау керек. Бұл сомаға қолжеткізіліп, барлық тапсырмалар орындалғаннанкейін, шот әдетте оқшауланады және қаражатты«алу» мүмкін болмайды. Нәтижесінде, бала бекергеуақыт жоғалтады, сонымен қатар маңызды жекедеректерді, мүмкін өзінің немесе ата-анасыныңбанк картасының деректемелерін жария етеді.
«Ұтып алынған» жүлделермен жағдай басқаша. Жүлдені алу үшін алаяқтар комиссия немесежеткізу үшін ақша төлеуді ұсынуы мүмкін. Нәтижесінде сіз жүлдесіз және ақшасыз қалуыңызәбден мүмкін.
Кеңес: Ата-аналар балаларына қосымша табыстабудың заңды жолдары туралы айтуы және олардытабуға көмектесуі керек. Мысалы, итті серуендету, үй жануарларын күту (бар болса), егер бала шеттілін, математиканы немесе басқа пәндерді жақсыбілсе, репетиторлықпен айналысу, әлеуметтікжелілерде «handmade» немесе аспаздықшедеврлерді сату және тағы басқа болуы мүмкін.
Онлайн-алаяқтардың алдауына балалар ғанаемес, сенгіш ересектер де түсіп қалуы мүмкін. Сондықтан өз қаржылық сауаттылығыңызды үнеміарттырыңыз және оған балаларыңызды да баулыңыз! Сондай-ақ, балаңызбен жиі сөйлесіңізжәне сіз болмаған кезде туындауы мүмкін түрліжағдайларды бірге қарастырыңыз.
Есте сақталуы тиіс интернеттегі қарапайымқауіпсіздік ережелері:
Балаңызбен интернетте аз уақыт өткізугетырысыңыз, серуендеңіз, отбасыңызды біріктіретінбірлескен іс-шараларды табыңыз;
Балаға парольді, карта деректерін және басқақұпия ақпаратты ата-анасынан басқа ешкімге неге беруге болмайтынын түсіндіріңіз;
Антивирусты компьютерде де, телефондарда да пайдаланыңыз;
Электрондық пошта мен мессенджерлергежіберілген белгісіз кірістірілген файлдарды ашпаңыз;
Контентті тексеріп, тазалап отырыңыз. Ол үшін тегін рекурсивті DNS-сервистерді пайдаланыңыз (мысалы: openDNS, quad9, yandex, т.б.).