Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжіліс отырысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Алдымен аудан әкімі Ардақ Ибраимов каникул кезінде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру туралы мәселеге тоқталды. Аталмыш мәселе бойынша аудан әкімі аппараттық мәжіліс өткізілгенін және тапсырмаларды уақытылы үйлестіру сұралатынын айтты.

Оқу жылының қорытындыланып, жазғы демалыс уақытының басталуына байланысты бала қауіпсіздігін басты назарға алуды тапсырды. Мектеп бітіруші оқушылар мен ата-аналар тарапынан ысырапшылдыққа жол бермеу қажеттігін жеткізді.

Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары мен түнгі рейд жұмыстары үйлестірілетін болады. Тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында суға түсу маусымы кезінде белгіленбеген жерлерге ескертпе тақтайшалар ілу тапсырылды.

Сондай-ақ, заңдылығын зерттей отырып, кәсіпкерлердің демеушілігімен тазалығы, қауіпсіздік ережелері сақталған, тұрғындарға қолайлы жерден суға түсу орнын белгілеу қажеттігін айтты. Б.Құлтекенов атындағы бассейнге жазғы маусымда лагерь тынығушыларының және аудан тұрғындарының кестеге сәйкес толық қамтылуын қадағалау тапсырылды.

БӨЛІСУ