Халқымыздың әл-аухаты мен өмір сүру сапасын жақсарту, тұрғындарға қолайлы инфрақұрылым жасау арқылы жайлы қала мүмкіндіктерін арттыру бағытындағы Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруда Сыр өңірінің бас қаласы Қызылордада ауқымды жұмыстар жүзеге асуда.
Сыр өңіріндегі аймақ басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан ауқымды жобалар Қызылорда қаласының жарқын болашағына тың серпін бермек.
Осы ретте, «Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылғанына – 30 жылдығы» аясында 2024 жылдың 17-мамыры күні Қызылорда қаласында «Халыққа қолайлы инфрақұрылым. Жайлы шаһар жасау бастамалары» тақырыбында өткен семинар-кеңес жұмысы аясында еліміздің сегіз өңірінен келген қалалық мәслихат төрағалары мен депутаттары Қызылорда қаласының әлеуметтік-экономикалық жетістіктерімен танысу мақсатында, қаладағы бірқатар нысандарды аралады.
Депутаттық аралау барысында қала қонақтары Шыны зауыты, «Мағжан и К» ЖШС-нің күріш өңдеу және ас тұзын өндіру зауыты, «Қорқыт ата» әуежайының жаңа терминалының құрылысы, Отбасы орталығының жұмысы, Қызылорда облысы әкімдігінің «Ахуалдық орталығы», Тұрғын үй-құрылыс комбинаты, «Анаға тағзым» орталығының жұмысы, Сырты заманауи панельмен қапталған көпқабатты тұрғын үйлер мен ауладағы ашық ойын-спорт алаңы, Жаңадан салынған автовокзал нысандарының жұмысы мен Сол жағалаудың дамуы барысымен танысты.
Семинар қатысушылары өз ретінде қаланы көгалдандыруда мемлекеттік меншікке қарайтын кәсіпорын ашу тиімділігі, кәсіпкерлердің өз туған жерінің түлетуге үлес қосып, әлеуметтік нысандарды салуда белсенділіктеріне ризашылықтарын білдірді және бюджетті тиімді игеру бағытындағы жұмыстарды жән басқа да қаланың даму ерекшеліктерін атап өтті.
Қатысушылар семинар-кеңесте айтылған жақсы ойларды өміршең етіп, өзара тәжірибе алмасу арқылы тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру жұмысына оң ықпал ететіндігіне сенім білдірді.