Аудан әкімі Ардақ Ибраимов М.Шәменов ауылына кіре беріс автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Жұмыс сапары барысында елді мекен тұрғындарының сұранысына сәйкес сапалы болу қажеттігін айтты.
1,3 шақырым құрайтын аудандық маңызы бар М.Шәменов ауылына кіре беріс автомобиль жолының бойындағы көпірлерді жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Ескі жолды қырып, тегістеу жұмыстары толығымен аяқталды. Құм аралас тас төсеу жұмыстары алдағы аптада басталатын болады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Жалағаш ауданы бойынша ауқымды бастамалар Үкімет басшысымен, облыс әкімі тарапынан қолдау тапты.
Бұл ретте, аудан әкімі республикалық, облыстық және аудандық бюджет есебінен жүзеге асып жатқан жобаларды уақытылы әрі сапалы аяқтау бақылауда болатынын айтты.
Сондай-ақ, Ақсу және М.Шәменов ауылдарында жүргізіліп жатқан газдандыру жұмыстарын мерзімінде аяқтап, халықтың игілігіне табыстау қажеттігін тапсырды.