Бүгін кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері Жосалы кентіндегі білім беру ұйымдарын аралап, жоғары сынып оқушыларымен кездесті.

Кездесулер барысында оқу жылы аяқталуына байланысты жазғы демалыс кезінде жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау, топтық төбелес, суицидтің, кибербуллинг, лудомания, нашақорлықтың алдын алу, түнгі уақытта жалғыз жүру, әлеуметтік желідегі теріс ақпараттардың жастардың дамуына кері әсерін тигізу және т.б. өзекті мәселелер бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, жазғы демалыс кезінде құқық бұзушылық жасаудан және құқық бұзушылық құрбаны болудан сақтану, жазғы суға шомылу маусымы кезінде барлық сақтық шараларын қатаң ұстану қажет екендігі және тек рұқсат етілген орындарда ғана ата-аналарымен түсу қажеттілігі айтылды.

БӨЛІСУ