Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Халықаралық Музейлер күніне орай аудандық тарихи-өлкетану музейінің ардагерлері мен қызметкерлерін қабылдады.

— Музей – кешегі тарихты бүгінгі күнмен жалғастырып, кемел келешекке, кейінгі ұрпаққа үлгі әрі аманат ететін мәдени орталық. Дәуірлер тарихы мен мұрасын жинақтап, ғылыми-ағарту, білім мен тәрбие ісіндегі музей қызметкерлерінің қажырлы еңбегі барлық құрметке лайық. Сондықтан халыққа қызмет көрсетіп жүрген музей қызметкерлері мен сала ардагерлерін әрдайым мақтан етеміз, — деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Мерекелік іс-шараға қатысқан ардагерлер мен қызметкерлер аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.

Қабылдауда сала ардагерлері, Сырдария ауданының Құрметті азаматтары Алмагүл Бақтиярова, Жәнібек Маханбет, Нұрмағанбет Қуандықов пен өлкетанушы Жұмабай Байзақұлы сөз сөйлеп, мерекелік лебіздерін білдірді.

БӨЛІСУ